Вирустың жаңа штаммы Еуропада кеңінен таралуда

26 Желтоқсан 2020, 12:10
1955
Бөлісу:
Вирустың жаңа штаммы Еуропада кеңінен таралуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың жаңа штаммы Еуропаның сегіз елінде табылған. Енді олардың қатарына Франция қосылды.

Жақында Францияда Лондоннан келген азаматтан конавирустың жаңа түрі табылды. Бұл туралы Францияның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Reuters хабарлайды. 

Британдық коронавирус штамын жұқтырған алғашқы жағдай Тур қаласында тіркелген. Қазіргі уақытта мутацияланған COVID-19 жұқтырған адам оқшауланған, өзін жақсы сезінеді. 

  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық аймақтық бюросының басшысы Ханс Клюге Еуропаның сегіз елінде COVID-19 жаңа штаммы анықталғанын айтты. Бұл туралы ол Twitter-де жазды. 

Еуропаның сегіз елінде COVID-19 VOC-202012/01 жаңа нұсқасын анықтады. Қолданыстағы қорғаныс шараларын күшейту өте маңызды, - деп жазды ол. 

Еуропаның аймақтық бюросының басшысы қашықтықты сақтауға және маска киюге шақырды, бірақ қай елдерде коронавирустың жаңа түрі анықталғанын нақтыламады. 

Жаңа вирустың бұрынғы штаммдардан айырмашылығы, ол жастар арасында көптеп таралатын секілді, - деді ДДҰ өкілі. 

Өз кезегінде ол шатммның әсерін зерттеп болғанша сақтық шараларын сақтап жүру өте маңызды екенін атап өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы