Вирусолог коронавирусқа қарсы вакцинадан қорықпауға шақырды

27 Маусым 2021, 11:17
7658
Бөлісу:
Вирусолог коронавирусқа қарсы вакцинадан қорықпауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Инновациялық Еуразиялық университетінің профессоры Евгений Никитин адам баласының дүниеге келгенінен бастап екпе алатынын еске салды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.


Вакцинациядан қорқудың қажеті жоқ, - дейді вирусолог. Біз туғанымыздан бері қызылша, тұмау, оба секілді вирустық аурулардан екпе алып келеміз ғой. Мен өзім, отбасымның барлық мүшелері екпе алды. Қалыпты өмірге тек вакцинация арқылы қайта ораламыз. Сондықтан бәріне айтатыным – екпе алыңыздар, - дейді вирусолог.

Ғалым вакцинацияның ұжымдық иммунитет пен коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет екендігін қадап айтуда.
Кей адамдар вакцинациядан бас тартуда. Екпе алғысы келмейді. Неліктен? Өйткені оның маңыздылығын әлі түсінбейді, - дейді Евгений Никитин.

Ғалым сөз соңында облыста қолда бар барлық төрт вакцина адам мен қоғамды коронавирустан жақсы қорғай алатынын айтты.


Өзгелердің жаңалығы