Венецияда қайық апатынан 3 адам қаза тапты

19 Қыркүйек 2019, 02:06
2234
Бөлісу:
Венецияда қайық апатынан 3 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венецияда қайық апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапты. Тағы бір кісі жарақат алған, деп хабарлады 24.kz.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бақилық болғандардың бірі моторлы қайық дизайнері Фабио Буцци.

Қалған екеуі британия азаматтары. Мәлім болғандай, қайық жасанды бөгетке соқтығысып,  аударылып қалған. Бұл ұшқыр қайық сағатына 130 шақырым жылдамдықпен жүйіткиді. Сол күні Монте-Карлодан шыққан екен. Бұл жолы су көлігі Венецияға неғұрлым тез жетуден рекорд жаңартпақ болғанға ұқсайды.


Өзгелердің жаңалығы