Венеция комиссиясы Қазақстанға конституциялық реформаларды жүргізуде қолдау көрсеткен

24 Сәуір 2020, 17:03
2333
Бөлісу:
Венеция комиссиясы Қазақстанға конституциялық реформаларды жүргізуде қолдау көрсеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссиясы) президенті Джанни Букиккио Президенттің өкілеттіктері мықты Парламент пен мықты сот жүйесінің көмегімен теңдестірілуі керек деген пікірде.

Ол бұл ойымен "Президенттік басқару формасы: конституциялық негізі және саяси практика" атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция аясында бөлісті.

Демократияны орнатқысы келетін кез-келген ел мұның оңай емес екенін түсінеді. Бізде Венеция комиссиясында осындай бақылаулар жүргізу мүмкіндігі бар. Венеция комиссиясының мұндай бақылау жүргізуде тәжірибесі бар. Өзі құрылғалы бері (30 жыл бұрын) Венеция комиссиясы көптеген елдерге, соның ішінде Қазақстанға да конституциялық реформаларды жүргізуде қолдау көрсетті. Биліктің бөлінуі дамып келеді. Конституция әу бастан-ақ теңдестіріліп,  қанша жерден жақсы жазылған болса да, көп дүние Конституция ережелерінің қалай жүзеге асырылатындығына байланысты, - деді Венеция комиссиясының президенті.

Джанни Букиккионың пікірінше, конституциялық өзгерістер алға жылжу дегенді білдіреді.

Демократиялық мемлекеттер неге конституциялық реформаларды жүзеге асыруда? Бұл биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу, қазіргі сын-қатерлерге төтеп беру және азаматтардың заңды тілектерін қанағаттандыру үшін жасалады. 2017 жылы Қазақстанда конституциялық реформалар жүргізу кезінде басты мақсат - биліктің бөліну жүйесін жетілдіру болды. Венеция комиссиясы мұндай конституциялық өзгерістер алға басқан үлкен қадам екенін баса айтады, - деді ол. 

Сөз соңында Джанни Букиккио Венеция комиссиясы Қазақстан билігіне қажет болған жағдайда әлі де қол ұшын созуға дайын екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы