Велоспорттан ерлер арасындағы жеңімпаз анықталды

21 Қыркүйек 2021, 14:43
3605
Бөлісу:
Велоспорттан ерлер арасындағы жеңімпаз анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Бельгияда велоспорттан әлем чемпионаты жалғасуда. Әлем чемпионаты аясында 23 жасқа дейінгі спортшы ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирге қатысатын спортшылар Нокке -Хейст - Брюгге бағыты бойынша 30,3 км қашықтықты бағындырды.

Қазақстандық спортшылар арасында үздік нәтижені Евгений Федоров көрсетті.  Жарыс қорытындысы бойынша ол 20-орынға жайғасты. Тағы бір қазақстандық велошабандоз Игорь Чжан 37-ші болды.

Жарыс жеңімпазы Йохан Прайс-Петерсен (Дания) болса, Люк Плапп (Австралия) екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті Флориан Вельмерш (Бельгия) қорытындылады.

Өзгелердің жаңалығы