Үй карантинінде болғаным рас – департамент басшысы

25 Наурыз 2020, 12:26
2512
Бөлісу:
Үй карантинінде болғаным рас – департамент басшысы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында коронавирусқа қарсы үй карантинінде болғанын айтып берді.

Үйдегі карантинге алынғаным рас. 13 наурыз күні түске қарай бір адамнан коронавирус анықталды. Мен ол кісімен Германиядан бір рейспен ұшып келген екенмін. Сондықтан 14 күн үй карантинінде болдым, - деді ол.

Сонымен қатар, ол дәрігерлдердің ұйғарымымен бүгін карантиннен шығып, жұмысқа кірісіп жатқанын жеткізді.

Кейбірі мені "Германиядан келгендіктен неліктен стационарға карантинге алынбады?" деп жатыр. 10 наурыз күнгі жағдай бойынша Германия қауіпті елдер қатарында болған жоқ. Сондықтан ол жақтан келгендерді бірден медициналық мекемеге жатызу негізсіз еді, - деді Айзат Молдағасымова. 

Сондай-ақ, ол екі рет тест тапсырғанын, олардың нәтижесі теріс болып шыққанын айтты.

Қазіргі таңда денсаулығым жақсы, өзімді жақсы сезінемін, - деді ол.
Сонымен қатар, маман қауіпсіздік шараларын сақтау үшін маскі кию керектігін айтты.
Масканы алдымен түшкіріп, жөтеліп жүргендер киюі керек, яғни айналасына жұқтырмас үшін. Егер адам көп жиналған жерге барсаңыз, әрине маска таққаныңыз жөн. Қазір масканы қолдан тігіп жатқандар бар, оның бәрі жарай береді. Тек жуып, кейін үтіктеп отыру қажет, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы