Ұшақ апаты: Зардап шеккендер туралы ақпарат

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыз күні ҚР ҰҚК Шекара әскерлері ұшағының Алматы қаласы әуежайының жанында Қызыл Ту кенті маңында апатты жағдайда қонуына тура келді.&nbsp;</h4>

13 Наурыз 2021 2021, 20:23
АВТОР
 13 Наурыз 2021 2021, 20:23
13 Наурыз 2021 2021, 20:23
1370

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыз күні ҚР ҰҚК Шекара әскерлері ұшағының Алматы қаласы әуежайының жанында Қызыл Ту кенті маңында апатты жағдайда қонуына тура келді. 

АН-26 ұшағы құлап, өртенді. 

Оқиға орнында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының жедел жәрдемнің 10 реанимациялық бригадасы жұмыс істеп жатыр. 

4 адам қайтыс болды, зардап шеккен 2 адам 1987 ж.т. сол жақ санының ашық сынуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, 1996 ж. т. ашық бас сүйек-ми жарақаты, қол саусақтарының сынуы, 2-3 дәрежелі дене күйігімен Алматы қ. №4 ҚКБ жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары өте ауыр, - делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін құтқару үшін күш салуда. Барлық кадрлар, соның ішінде қаланың бас реаниматологы жұмылдырылды.

Наверх