Үш өңірде ақбөкен мүйіздерін сатқан браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүролі брифинг барысында мәлім болды.

12 Сәуір 2021 2021, 11:48
12 Сәуір 2021 2021, 11:48
3615

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүролі брифинг барысында мәлім болды.

ІІМ Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының аумақтық полиция департаменттерімен бірігіп киіктерді заңсыз аулаумен және олардың дериваттарын өндірумен айналысатын қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді. Осылайша, 8 және 9 сәуірде үш аймақта криминалдық полиция қызметкерлері бір уақытта 11 адамды ұстады, олардан мыңнан астам ақбөкен мүйізі табылып, тәркіленді, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Ол мемлекетке алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 миллиард теңгені құрағанын айтты.

ҚР ҚК 339-бабы "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша қоршаған ортаға келтірілген экологиялық залал белгіленеді.Басқа серіктестерді, сондай-ақ мүйіздерді сату арналарын анықтауға бағытталған одан әрі жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, - деді ол.

Ол атағандай, киіктерді мен мүйіздерін заңсыз аулағаны немесе жойғаны үшін 3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылығы көзделген.

Браконьерліктің барлық нысандары мен түрлеріне, оның ішінде киіктерді заңсыз аулау Ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады, - деді ол.

Наверх