Үш аптадан кейін тағы вакцина салдыртамыз - дәрігер

11 Ақпан 2021, 10:24
1487
Бөлісу:
Үш аптадан кейін тағы вакцина салдыртамыз - дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының № 7 емханасының ШҚТ бойынша басшысы Ұлдаш Ерғалиева коронавирусқа қарсы вакцинация науқаны туралы баяндап, екпеден кейін өзін қалай сезінетінін айтты.

Мен коронавирусқа қарсы вакцинаны 5 ақпанда салдырттым. Осы күнге дейін вакцинацияның жанама әсерлері байқалмады. Мен оны өз еркіммен салдырттым. Себебі зерттеу бар екенін бәріміз түсінеміз. Үш күн учаскелік терапевт бақылауында болдым. Ол күн сайын келіп, мені тексеріп отырды. Жағдайым тұрақты, жанама әсерлері байқалмады. Қазір де  өзімді жақсы сезінемін, - деді дәрігер.

Сондай-ақ Ұлдаш Ерғалиева өзінің басқа да әріптестері екпе салдыртқанын айтты. 

Медицина қызметкерлері ерікті түрде вакцина алып жатыр. Бірнеше адамның температурасы екі күн бойы 37-ден аспады. Бірақ бұл көрсеткіш бойынша болуы мүмкін. Дене сынуы мүмкін. Бірақ көп әріптесімде вакцинациядан кейін белгілер байқалмады, жанама әсерлер болмады, - деді ол.

Ерғалиева айтқандай, олар Денсаулық туралы кодекске сәйкес еріктілердің  келісіміне қол қойған. 

Сондай-ақ дәрігер вакцинацияның екінші кезеңі туралы айтты.

Біз үш аптадан кейін қайтадан вакцина салдыртуымыз керек. Денеде антиденелер толығымен пайда болуы үшін қайта екпе қажет. Дәрігер ретінде мен вакцинация қажет деп кеңес берер едім. Вакцина өз зерттеулерінен өтті, ғылыми дәлелдер бар. Алайда вакцина тек ерікті түрде жасалады. Көптеген дәрігер де егілгенін атап өткім келеді, - деді ол.

Сонымен қатар Ерғалиева ауырып жазылған адамдар вакцинаны 6 айдан кейін ғана ала алатынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы