«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды

24 Маусым 2021, 18:08
5302
Бөлісу:
«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық сыйлығын марапаттау рәсімі өтіп жатыр.

Биыл бәйгеге алғаш рет қосылған номинацияның иегері «Семей таңы» газетінің редакторы Риза Молдашева атанды.

«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды

Жүлдені еліміздің алғашқы Ақпарат министрі, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов табыс етті.

Биыл «Үркер» сыйлығы әдеттегідей 11 емес, 12 номинация бойынша тағайындалды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оған «Тәуелсіздікке арналған ең үздік материал» номинациясы қосылды. Республикалық байқауға жалпы саны 340 өтініш келіп түсті.

«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды

Риза Молдашева бұл сыйлық өзіне емес, тарихы сонау 1917 жылдан бастау алатын алаш жұртының «Семей таңы» газетіне берілген баға деп атап өтті.

«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды

Қазақстандық «URKER» Ұлттық сыйлығы баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін тағайындалады, талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына қоғамның кең назарын аудару мақсатында 2017 жылы құрылған. Осы күнге дейін ұлттық бәйгеге 2830 жоба қатысып, оның 55-і жүлдегер атанды.


«Үркер» сыйлығының жаңа аталым иегері белгілі болды

Өзгелердің жаңалығы