Үндістанда лай көшкінінен тоғыз адам қаза тапты

26 Шілде 2021, 08:41
2359
Бөлісу:
Үндістанда лай көшкінінен тоғыз адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, құрбандар туристік мақсатпен табиғат аясында қыдырып жүрген, деп хабарлады «Хабар 24». 

Тағы 2 жолаушы жарақат алды. Олардың біреуі осы аймақтың тұрғыны. Таудан домалаған қойтастар жолаушылар мінген көлікті басып қалған. Үндістанда соңғы күндері табиғи апаттар толастамай тұр. Өткен аптаның аяғында елдің батысындағы Махараштра штатында нөсер жаңбырдан туындаған лай көшкіні мен су тасқынынан 125 адам ажал құшқан болатын. 

Қайғылы оқиға Санкла жазығында болған. Таудан төмен үлкен қойтастар домалап, зор зақым келтірді. Өмірлік маңызы ерекше көпір де қирап қалды, - дейді Химачал-Прадеш штатының басшысы Джайрам Такур.


Өзгелердің жаңалығы