Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үндістан тәуелсіздігінің 73 жылдығы аясында Қазақстандағы Үндістан елшілігі мемлекеттік ту көтеріп, салтанатты рәсім өткізді.
1947 жылдың 15 тамызында Үндістан британиялық биліктен азат шығып, тәуелсіздігін алды. Осыған орай елші Прабхат Кумардың Нұр-Сұлтандағы резиденциясында гимн шырқалып, ту көтерілді және елордадағы Үндістан апталығы басталды.
Дипломат үндістандық азаматтарды ұлттық мерекесімен құттықтап, ел президентінің жолдауынан үзінді оқыды.
Үндістанның Қазақстандағы елшілігі «Нұр-Сұлтандағы Үндістан күндерін» 2019 жылдың 15-19 тамызы аралығында өткізеді. Осы аралықта үнді киносының және ұлттық асханасының фестивалі өтеді. Қала тұрғындары үшін йога, музыка және биден мастер-кластар ұйымдастырылады.
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Таңғажайып Үндістан: керемет көпқырлы мәдениет» фотокөрмесі ашылады.
Күн бойынша шаралардың жоспары:
15 тамыз, 2019 ж. (бейсенбі)
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы: 16.00 – 17.00
‘Таңғажайып Үндістан: керемет көпқырлы мәдениет’ фото көрмесі ашылу салтанаты
Ескертпе: Көрме 16 - 19 тамыз, 2019 ж. сағат 09.00 – 18.00 аралығында көпішілікке ашық болады.
Арбат-Астана, Нұр-Сұлтан қаласы: 17.30 – 22.30
17.30 – 18.30 - Үнді мәдениеті фестивалі:
• 17.30 – 17.50: Мәдени қойылым: Свами Вивекананда ат. мәдени орталығының мұғалімі және студенттері
• 17.55 – 18.30: Йога жаттықтырушысы Трилок Нарайан Тарактың шеберлік сыныбы
Ескертпе: Арбат-Астана аймағында күнделікті мәдени қойылым және шеберлік сыныптан өзге:
• Үнді табиғи косметикасы және Үнді шайы жәрмеңкесі;
• Хенна суретін салу;
• Селфи бұрыштары.
15 - 19 тамыз, 2019 ж. сағат 12.00 – 22.30 аралығында көпшілікке ашық болады
19.00 – 22.30 - Үнді киносының фестивалі:
• 19.00 – 19.07 – ‘Ek Bharat – Shreshtha Bharat’ көрсетілімі (Қазақ тілінде субтитрмен);
• 19.10 – 22.30 – Болливуд фильмінің көрсетілімі: Swades: We the people (Орыс тіліне аударылған).
The St. Regis қонақ үйі, Нұр-Сұлтан қаласы: 19.00 – 21.30
• ‘Үндістан дәмдері: Үнді тағамдары фестивалі’ ашылу салтанаты
• Мәдени қойылым: Свами Вивекананда ат. мәдени орталығының мұғалімі және студенттері
16 тамыз, 2019 ж. (жұма)
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы: 09.00 – 18.00
• Фотокөрме ‘Таңғажайып Үндістан: керемет көпқырлы мәдениет’
Арбат-Астана, Нұр-Сұлтан қаласы: 17.00 – 21.30
• 17.00 – 18.00 - Үнді мәдениеті фестивалі:
• 17.00 – 17.20: Мәдени қойылым: Еркелер ансамблі, Теміртау қаласы
• 17.25 – 18.00: Би мұғалімі Шрути Гхош ханымның Болливуд биінен шеберлік сыныбы
• 19.00 – 21.30 – Үнді киносының фестивалі:
• 19.00 – 19.07 – ‘Ek Bharat – Shreshtha Bharat’ көрсетілімі (Қазақ тілінде субтитрмен);
• 19.10 - 21.30 – Болливуд фильмінің көрсетілімі: Mary Kom (Орыс тіліне аударылған),
The St. Regis қонақ үйі, Нұр-Сұлтан қаласы: 19.00 – 21.30
• Үндістан дәмдері: Үнді тағамдары фестивалі
• Семинар: «Үндістан дегеніміз Бизнес», (шақыру бойынша) @ ‘Astor’ Ballroom
• Мәдени қойылым: Еркелер ансамблі, Теміртау қаласы
17 тамыз, 2019 ж. (сенбі)
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы: 09.00 – 18.00
• Фотокөрме ‘Таңғажайып Үндістан: керемет көпқырлы мәдениет’
Арбат-Астана, Нұр-Сұлтан қаласы: 17.00 – 21.30
17.00 – 18.00 - Үнді мәдениеті фестивалі:
• 17.00 – 17.20: Мәдени қойылым: Натараджа би тобы, Арқалық қаласы;
• 17.25 – 18.00: Табла (Үнді барабаны) мұғалімі Мухаммад Акрам Бхарти шеберлік сыныбы.
19.00 - 21.30 - Үнді киносының фестивалі:
• 19.00 – 19.07 – ‘Ek Bharat – Shreshtha Bharat’ көрсетілімі (Қазақ тілінде субтитрмен);
• 19.10 – 21.30 – Болливуд фильмінің көрсетілімі: Guzaarish (Орыс тіліне аударылған).
The St. Regis қонақ үйі, Нұр-Сұлтан қаласы: 19.00 – 22.00
• Үндістан дәмдері: Үнді тағамдары фестивалі;
• Мәдени қойылым: Натараджа би тобы, Арқалық қаласы.
18 тамыз, 2019 ж. (жексенбі)
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы: 09.00 – 18.00
• Фотокөрме ‘Таңғажайып Үндістан: керемет көпқырлы мәдениет’
Арбат-Астана, Нұр-Сұлтан қаласы: 17.00 – 22.00
17.00 – 18.00 - Үнді мәдениеті фестивалі:
• 17.00 – 17.20: Мәдени қойылым: Шакти би тобы, Қостанай қаласы;
• 17.25 – 18.00: Би мұғалімі Шрути Гхош ханымның Болливуд биінен шеберлік сыныбы.
19.00 – 22.30 - Үнді киносының фестивалі:
• 19.00 – 19.07 – ‘Ek Bharat – Shreshtha Bharat’ көрсетілімі (Қазақ тілінде субтитрмен);
• 19.10 – 22.00 – Болливуд фильмінің көрсетілімі : Three Idiots (Орыс тіліне аударылған).
The St. Regis қонақ үйі, Нұр-Сұлтан қаласы: 19.00 – 22.00
• Үндістан дәмдері: Үнді тағамдары фестивалі
• Мәдени қойылым: Шакти би тобы, Қостанай қаласы
19 тамыз, 2019 ж. (дүйсенбі)
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы: 09.00 – 18.00
• Фотокөрме ‘Таңғажайып Үндістан: керемет көпқырлы мәдениет’
Арбат-Астана, Нұр-Сұлтан қаласы: 17.00 – 21.30
17.00 – 18.00 - Үнді мәдениеті фестивалі:
• 17.00 – 17.20: Мәдени қойылым: Свами Вивекананда ат. мәдени орталығының мұғалімі және студенттері;
• 17.25 – 18.00: Йога жаттықтырушысы Трилок Нарайан Тарактың шеберлік сыныбы.
19.00 – 21.30 – Үнді киносының фестивалі:
• 19.00 – 19.07 – ‘Ek Bharat – Shreshtha Bharat’ көрсетілімі (Қазақ тілінде субтитрмен);
• 19.10 – 21.30 – Болливуд фильмінің көрсетілімі: Paheli (Орыс тіліне аударылған).
The St. Regis қонақ үйі, Нұр-Сұлтан қаласы: 19.00 – 22.00
• Үндістан дәмдері: Үнді тағамдары фестивалі
• Мәдени қойылым: Свами Вивекананда ат. мәдени орталығының мұғалімі және студенттері
• ‘Нұр-Сұлтан қаласындағы Үндістан күндері’ жабылу салтанаты