Ұлыбританияда әуежайлар бос қалды

22 Желтоқсан 2020, 15:18
1724
Бөлісу:
Ұлыбританияда әуежайлар бос қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммына байланысты 40-тан астам ел патшалықпен көлік байланысын тоқтатуға немесе шектеуге шешім қабылдады.

Сovid-19-дың жаңа штаммы Ұлыбританияда бұған дейін таралған вирус түріне қарағанда 70%-ға жұқпалы. Бірақ ЕО-ның дәрі-дәрмек саласындағы бас реттеушісі дүйсенбіде Pfizer-BioNTech вакцинасы әзірге Ұлыбританиядан ғана анықталып отырған жаңа инфекциядан қорғай алады деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта вакцина коронавирустың жаңа штаммына қарсы жұмыс істемейтініне ешқандай себеп жоқ, - деді Еуропалық дәрілік заттар агенттігінің атқарушы директоры Эмер Кук.

Әлемнің әр түкпіріндегі әуе компаниялары Ұлыбританиядағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілген тыйым салдарынан елмен көліктік қатынасты тоқтатуға мәжбүр.  

IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тестілеуді Сovid-19 инфекциясының таралуына қарсы негізгі қару ретінде пайдалану туралы ұсынысын еске салады және барлық елдің үкіметін осы кеңеске сәйкес жұмыс істеуге және әрекет етуге шақырады.

Қазіргі жағдай саяхатшыларды жүйелі тестілеуді келісілген түрде іке асыру қажеттілігін айқындап берді. Үкіметтер бірлесіп жұмыс істеуі керек, шекаралардың дені сау жолаушылардың көпшілігіне ашық болуы үшін өзара танылған тестілеу мүмкіндігін жасауы қажет, делінген қауымдастық хабарламасында.

Бұған дейін коронавирустың жаңа мутациясына байланысты 20-дан астам ел Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатқанын мәлімдеген болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы