Ұлттық статистика бюросы санақ кезінде алаяқтардан абай болуды ескертті

4 Қыркүйек 2021, 14:30
2978
Бөлісу:
Ұлттық статистика бюросы санақ кезінде алаяқтардан абай болуды ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы алаяқтық әрекеттер туралы хабараламалар тарауда. Ондағы мәтінге сәйкес, көйлек киген, қолында папкасы мен куәлігі бар азаматтар өздерін әкімдік қызметкерлеріміз деп таныстырып, халық санағын жүргізіп жүргенін айтуда. Бұл туралы бюроның ресми өкілі Олжас Сайлаубек мәлімдеді.

Осыған байланысты Ұлттық статистика Бюросы халықты ақпараттандыру мақсатында бұл азаматтардың Халық санағына қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Сондай-ақ, 1 қыркүйекте басталған Халық санағы 15 қазанға дейін, яғни 45 күн бойы онлайн режимде sanaq.gov.kz арнайы сайтында өтетінін атап өткіміз келеді,- делінген хабарламада.

Интервьюерлер үйлерді қазан айының 1-30 аралығында аралап, сауалнама жүргізеді. 

Интверьюердің қолында арнайы планшеті, көк түсті, Халық санағының символикасы бейнеленген шарфы мен сөмкесі болады. Ең негізгісі, оның интервьюер екендігін айқындайтын аумақтық статистика бөлімінің мөрімен расталған құжаты болады. Одан бөлек тіркеу нөмірі көрсетіледі. Ол нөмірді sanaq.gov.kz сайтындағы арнайы жолаққа енгізу арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ, 1446 нөміріне хабарласу арқылы интервьюер туралы мәліметтерді нақтылау мүмкіндігі бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы