Үлкен Алматы су алабында қар көшкіні болуы мүмкін

3 Сәуір 2019, 18:45
1954
Бөлісу:
Үлкен Алматы су алабында қар көшкіні болуы мүмкін

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 4-8 сәуір аралығында Үлкен Алматы су алабында қар көшкіні болуы мүмкін. Бұл туралы РМК «Қазгидромет» баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, күннің жылуы әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен Алматы су алабында (2100 метр жоғары биіктігіне) 4–8 сәуір аралығында қар көшкіні болуы мүмкін.

«Қар көшкіні қаупіне байланысты қала тұрғындарын тау бөктерлеріне әзірге шықпауға шақырамыз. Тауда абай болыңыздар»,- делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы