Украиналықтар Димашты Жаңа жылмен ерекше құттықтады

29 Желтоқсан 2020, 15:25
1594
Бөлісу:
Украиналықтар Димашты Жаңа жылмен ерекше құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің украиналық жанкүйерлері оны жаңа жылымен құттықтады.

Киевтің орталығында елдің басты шыршасы орнатылған Әулие София соборының қоңырау мұнарасының қасбетіне интерактивті құттықтау ілінді. Осылайша украиналық жанкүйерлер Димашты және барша қазақстандықты келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады.

Бұл туралы Димаштың украиналық Dears-тің (ред. - Димаштың жанкүйерлері өздерін осылай атайды) бірі Людмила Загоруйко хабарлады. 

Киевте керемет акция өтті!  Әулие София соборының қоңырау мұнарасының қасбетіне әр украиналық интерактивті құттықтауын орналастыра алады. Әрине, біз де, dears-тер құттықтауды орналастыруға мүмкіндік алдық. Біз ең бірінші болып Қазақстанды құттықтадық. Иә, иә...Сіз оның есімін фотодан көре аласыз. Көптеген адам жіберді, бірақ бір қатысушыдан ғана фото келді, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Украиналықтар Димашты Жаңа жылмен ерекше құттықтады

Интерактивті тақтада украин тілінде «Қазақстан. Димаш. Жақсы көремін! Жаңа жылыңмен! Барлық жамандық артта қалсын!» деп жазылған.


Өзгелердің жаңалығы