Украиналық дәрігерлер COVID вакциналарының бір бөлігін лақтырып жатыр

28 Ақпан 2021, 10:34
1819
Бөлісу:
Украиналық дәрігерлер COVID вакциналарының бір бөлігін лақтырып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сақтау мерзімі қысқа болғандықтан, құтыны ашқаннан кейін пайдаланылмаған вакцина дозалары жойылады дейді дәрігерлер.

Украиналық дәрігерлер коронавирустық вакциналардың бір бөлігін жоюға мәжбүр. Бұл туралы 27 ақпанда Черновц облыстық ауруханасының инфекционисі Ольга Кобевко мәлімдеді, деп жазды «Сегодня».

Бұл шара қысқа сақтау мерзіміне байланысты жасалып отырғаны айтылды.

Кеше, мысалы, вакцинаның алты дозасы жойылды. Құтыны ашқаннан кейін оны алты сағаттан артық сақтауға болмайды. Бір құтыда - 10 доза, ал кеше 54 адам егіліп, қалдықтары жойылды, - деді дәрігер.

Ол бұл қалдықтарды шенеуніктерді вакцинациялау арқылы пайдалануға болатындығын атап өтті.

Шенеуніктер дәрігерлерге үлгі болғысы келмейді, вакцинаның сапасы үшін жауапкершілік алғысы жоқ... Осы алты дозамен шенеуніктерді вакцинациялауға болатын еді және олар екпеден қорқатын ештеңе жоқ екенін дәлелдеген болар еді. Бірақ олай болған жоқ және вакцина босқа лақтырылды, – дейді дәрігер.

Кобевконың өзі де екпе салдырған.

Өзгелердің жаңалығы