Украинада бір тәулікте 8 мың адамнан коронавирус анықталды

28 Сәуір 2021, 08:42
1502
Бөлісу:
Украинада бір тәулікте 8 мың адамнан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Украинада коронавирус инфекциясының 7915 жаңа жағдайы тіркелді, 432 науқас қайтыс болды, деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі Максим Степанов.

2021 жылдың 27 сәуіріндегі жағдай бойынша COVID-19 коронавирустық инфекцияның 7915 жаңа жағдайы тіркелді, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Атап айтқанда, 336 бала мен 202 медицина қызметкері ауырып қалды.

Жалпы пандемия басталғаннан бері коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2 038 248-ге жетті, 42 950 науқас қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы