Бас жаңалықтар
Украина жаңа зымыранды сынақтан өткізді
05 Сәуiр 2019, 10:35 362

Украина жаңа зымыранды сынақтан өткізді

Алматы, BAQ.KZ. Кеше Украинаның оңтүстігіндегі Одесса облысында украиналық "Ольха-М" зымыран кешенінің сынағы сәтті өтті. Бұл туралы осы елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған кеңестің басшысы Александр Турчиновтың айтуынша, "Ольха-М" зымыраны 130 км қашықтықтағы нысанға соққы беруге қауқарлы. Ол 70 км дейін ұшатын "Ольха" зымыран кешенінің жаңартылған нұсқасы болып келеді.

Сонымен қатар ол, Украина жақын арада 200 км қашықтықтағы нысанды жоя алатын заманауи зымыран кешенін жасап бітіретінін де жеткізді. 

2014 жылдан бері Украина өз қорғаныс өнеркәсіб кешенін белсенді түрде дамыта бастады.

Загрузка...

Сізден жаңалық