Бас жаңалықтар
UFC турнирі Қазақстанда қашан өтеді?
27 Ақпан 2020, 01:33 212

UFC турнирі Қазақстанда қашан өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. MMA әлеміндегі ең беделді ұйым UFC-дің (Ultimate Fighting Championship) Қазақстандағы турнирі қашан өтуі мүмкін екені белгілі болды.

Бірнеше қазақстандық және ТМД елдері спортшыларының менеджері Саят Абдрахманов Instagram-парақшасында UFC турнирінің қашан өтетінін жазды.

Қол жетпестей көрінетін арман жақында шындыққа айналады. 13 маусым, – деп жазды ол.
Бұған дейін UFC  Fight Night турнирі биыл жазда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі мүмкін екені белгілі болған.

Айта кетейік, UFC-мен Қазақстанның екі спортшысының келісімшарты бар. Ол – Шавкат Рахмонов пен Жалғас Жұмағұлов. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...