Бас жаңалықтар
Уақытша ұстау изоляторларында бейнекамералар орнатылады – ІІМ
11 Қазан 2021, 12:42 161

Уақытша ұстау изоляторларында бейнекамералар орнатылады – ІІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Қазір полиция бөлімдерінде «соқыр аймақтарды» қоспағанда жаппай бейнебақылау енгізілуде. Өңірлердің полиция департаменттері ІІМ-мен техникалық ерекшеліктерді әзірлеп келісті, мемлекеттік сатып алулар өткізілді, бейнежүйелерді монтаждау және орнату жүріп жатыр. Бұл жұмыс Батыс Қазақстан облысында толық аяқталды, - деді ол.

Полиция департаментінің жиырма алты әкімшілік ғимаратында халықпен жұмыс жүргізілетін үй-жайларда 254 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Полиция департаментінің өзінде 22 бейнекамера, көші-қон қызметінде 2 камера орнатылған. Орал қаласының полиция басқармасында қызметкерлердің жұмысын 39 камера, Абай қалалық полиция бөлімінде 17 камера, Зашаған бөлімінде – 6 камера бақылайды, - деді ол.

Нұрділдә Ораз атағандай, бейнемониторинг жүйесімен уақытша ұстау изоляторлары, облыс орталығының 24 учаскелік полиция пункттері қамтылған.

19 аудандық полиция бөлімшесінде 119 камера орнатылды. Облыс полиция департаментінің барлық әкімшілік ғимараттарында ішінде де, сыртында да жеке бейне жүйелері бар. Бұл дәліздер, фронт-кеңселер, периметр және УҰИ, соның ішінде жауап алу және келушілерді қабылдау бөлмелері. Суреттер 30 күн сақталады, бейне мұрағатқа кіру шектеулі. Полицияның қызметтік үй-жайларын, сондай-ақ барлық жедел-тергеу бөлімшелерін бейнекамералармен жарақтандыру бүкіл ел бойынша қалалық, аудандық және кенттік полиция бөлімдерінде енгізіледі, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...