ҚТЖ-да жыл басынан бері жемқорлық дерегі тіркелген жоқ

20 Мамыр 2020, 11:54
1387
Бөлісу:
ҚТЖ-да жыл басынан бері жемқорлық дерегі тіркелген жоқ
Фото: ашық дереккөз

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы - жүк тасымалы" АҚ-ның маркетинг және жоспарлау жөніндегі бас директордың орынбасары Мұхтар Махамбет брифинг барысында айтты.

Брифинг барысында ол темір жол жүк тасымалы саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу туралы мәселеге тоқталды.

Оның айтуынша, былтыр "Қазақстан темір жолында" жемқорлық ісі бойынша екі жағдай анықталған. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар қатаңдатылған.

Қазір еліміз бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы жүріп жатыр, одан біздің мекеме де тыс қалып жатқан жоқ. Бұл бағытта жұмыстар жасалып жатыр. Соның нәтижесінде жыл басынан бері жемқорлық дерегі тіркелген жоқ, - деді ол. 
Былтыр бұл мекеменің екі қызметкері пара алу күдігіне іліккен. Атап айтар болсақ "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ-ның Семей филиалы Жаңғызтөбе станциясының бастығы станция кезекшісінен жалпы қамқорлығы үшін 200 мың теңге көлемінде пара алуда күдікке ілінген. Сондай-ақ, "ҚТЖ" АҚ-ның Ақмола бөлімшесінің Көкшетау станциясының бастығы сыбайлас жемқорлыққа іліккен. Ол жұмыс орнында ішімдік ішіп, мас болған станция қызметкерін жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылған. 

Мұхтар Махамбет қазір жемқорлықтың алдын алу  жұмыстары күшейтілгенін айта келе,  осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты бекітілді. Ол коорпоративтің сайтында орналастырылған. Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. 2019 жылғы 7 сәуірде АҚ-ның директорлар кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құпия ақпарат саясаты бекітілді. "Адал жол" жобалық кеңсесімен ҚР ИИДМ біріге отырып кәсіпкерлік және қызмет көрсетушілердің қауымдастығы бекітілді, ол да жұмыс істеп жатыр. "Қазақстан темір жолы"  Жүк тасымалы АҚ-ы өз ішінде де комиссия құрылып, жұмысшыларды байқау негізінде қабылдап жатырмыз, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол облыс орталығындағы бөлімшелерде жемқорлыққа қарсы түсіндіру жұмыстары жиі өтіп тұратынын және адамдар көп жүретін жердің барлығына ескертпелер ілінгенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы