Бас жаңалықтар
Түймебаев: Алдағы сайлау елдің әлеуметтік-экономикасы үшін маңызды қадам
10 Сәуiр 2019, 11:26 527

Түймебаев: Алдағы сайлау елдің әлеуметтік-экономикасы үшін маңызды қадам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бүгін Елордада өтіп жатқан ҚХА Кеңейтілген отырысында Жансейіт Түймебаев осылай деді. 


"Кеше Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл өте маңызды, еліміздің дамуына кажетті кадам. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының арқасында біздің тәуелсіздігіміз нығайды" - деді ол. 

Сонымен қатар, Жансейіт Түймебаев Қазақстанды экономикасы қуатты, саяси жүйесі тұрақты мемлекет ретінді бүкіл әлем мойындайтынын айтты. 

"Өткен айда болған жоғарғы билікті ауыстыру заңды және бейбіт жолмен өтті. Алдағы сайлау еліміздің тұрақтылығын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық жаңғыруды лайықты жүзеге асыруға ықпал ететіні айғақ. Бұл еліміздің келешегі үшін қажетті сайлау болмақ. Президент Тоқаев айтқандай, еліміздің келешегі, әр отбасы мен әр азаматтың  тағдыры қазақстандықтардың шешімдеріне тікелей байланысты" - деді Жансейіт Түймебаев. 

Сондай-ақ, ҚХА төрағасының орынбасары ел тарихындағы маңызды оқиғаны ассамблея әрқашан қолдайтынын айтты. 

"Қазақстан халқы Ассамблеясы осы маңызды шешімге қатысты өз ұстанымын жеткізіп, қолдау көрсеткені жөн деп есептеймін" - деді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық