Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ тапсырған адам ЕҰУ студенті ме?

16 Тамыз 2021, 19:08
3825
Бөлісу:
Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ тапсырған адам ЕҰУ студенті ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуразия ұлттық университеті Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ тапсырған Сымбат Қанайдың ЕҰУ студенті екендігі туралы ақпаратты жоққа шығарады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі мен БАҚ-тағы Сымбат Қанай жайлы ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

Сымбат Қанай Еуразия ұлттық университетінде ешқашан оқыған емес және ЕҰУ студенті болып табылмайды. БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп атап өтті оқу орнының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырды деген ақпарат расталған болатын. Бүгін заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әзілкеш Тұрсынбек Қабатовты айыптап, 10 жылға қамау керек екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы