Түркияда омикрон штамы тіркелді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 түрік азаматынан коронавирустың омикрон штамын жұқтырғаны расталды.&nbsp;&nbsp;</h4>

12 Желтоқсан 2021 2021, 11:22
АВТОР
 12 Желтоқсан 2021 2021, 11:22
12 Желтоқсан 2021 2021, 11:22
2056

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 түрік азаматынан коронавирустың омикрон штамын жұқтырғаны расталды.  

Бұл туралы korrespondent.net жазды. 

Денсаулық сақтау министрі TRT Haber арнасының эфирінде бұл елдегі жаңа COVID штамының алғашқы жағдайлары екенін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, індетті жұқтырған бес адам Измир қаласында, тағы біреуі Стамбұлда тұрады.

Бұл адамдардың ауруы жеңіл болғандықтан, ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Науқастардың жақында шетелге барғаны және олардың COVID-19-ға қарсы вакцина алғаны туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Омикрон алғаш рет Словакияда анықталған. Штамды жұқтырғандар Оңтүстік Африка елдерінен елге оралған.

Наверх