Түрікменстан 8 наурызда әйелдерге 15 доллардан береді

28 Ақпан 2020, 15:37
3384
Бөлісу:
Түрікменстан 8 наурызда әйелдерге 15 доллардан береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрікменстанда Әйелдердің халықаралық мерекесіне орай 15 доллардан ақшалай сыйақы беріледі. Бұл туралы Хроника Туркменистана жазды.

Сыйақы туралы 27 ақпанда өткен ел үкіметінің отырысында белгілі болды. Президент Гурбангулы Бердімұхамедом экономика және қаржы вице-премьері Гадыргелди Мушшиковке тиісті тапсырма берген.

Түрікмен әйелдері 52 манаттан сыйлық ретінде алады. Бірақ бұл сыйақы жұмыс істейтін, оқитын және зейнет пен жәрдемақы алатын әйелдерге ғана беріледі.

Сыйлық балабақшаға бармайтын және үш жасқа толмаған балалары бар жұмыс істемейтін әйелдерге берілмейді. Бұл сыйлықақыны жұмыс беруші, айлық, жәрдемақы мен зейнетақы төлейтін ұйымдардың бюджетінен алынатын болған соң барлық әйелдер ала алмайды.

Өзгелердің жаңалығы