Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Тунис президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының атынан және жеке өзінің атынан Тунис президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
«Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.