Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, ол тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бірқатар шет елде де жабық үй-жайларда да, ашық ауада да міндетті түрде маска тағу режимі енгізілгенін көрсетеді. Мысалы, бүгінде маска тағу режимі АҚШ-тың 43 штатында, Польшада, Австралияда, Словакияда, Вьетнамда қарастырылған, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Алексей Цой бұл ретте инфекцияның таралуын азайтудағы масканың рөліне қатысты пікірталас барын жасырмады.
Зерттеу жүргізілуде, оның нәтижесі маска тағудың тиімділігін көрсетеді. Ғалымдар халықтың маска тағып, физикалық қашықтық сақтап, карантин шараларын ұстануы пандемияны басқаруға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді, - деді министр.
Цой міндетті маска тағу туралы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енетінін және жеке және заңды тұлғалардың тиісті нормаларды орындамауы айыппұл төлеуге әкеп соғатынын айтты.
Құрметті отандастар, біз тек бірігіп қана коронавирус инфекциясын жеңе аламыз. Әрбір қазақстандықтан үйден тыс жерде маска тағып, әлеуметтік қашықтық пен гигиена талаптарын сақтауды сұраймын, - деді ол.
Бұған дейін ол Қазақстанда сырқаттану деңгейі тұрақталып келе жатқанын айтқан еді.