Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өткен Үкімет отырысында айтып берді.
Қазақстан бірнеше жыл бойы білім беру саласындағы зерттеулерге қатысты. Зерттеулер көрсеткендей, газетизацияның жоғары деңгейі цифрлық дағдылардың жоғары деңгейіне айтарлықтай әсер етпеді. 14 жастағы оқушылардың 54 пайыздан астамы цифрлық сауаттылықтың төмен деңгейінде, 6-34 жас аралығындағы азаматтардың әрбір 5-шісі цифрлы дағдылардың жақсы деңгейіне ие, - деді министр.Аймағамбетов айтқандай, цифрлық экономикаға қажетті адами капитал тек осы құзыретті ғана қажет етпейді.
Цифрлық экономикаға қажетті экономика адами капитал үшін сандық құзыретілікке қоса, қызметтік сауаттылық, сыни ойлау, креативтілік, оқу және талдай білу дағдылары. Бұл бағыттағы басты қадамдарды біз бастадық. 2016 жылдан бастап мектептерде функционалдық сауаттылықтың дамуын көздейтін жаңа білім беру енгізілуде. Келесі оқу жылында бағдарламаларды барлық сыныптарға енгізіп, аяқтайтын боламыз, - деді ол.Министр осы бағыттағы министрліктің алдында тұрған міндеттерді айтып өтті.
IT саласында әлемдік стандартқа сай мамандарды даярлау, басқа да салалардың мамандарын цифрлық құзыретпен қамтып, оқыту, қайта даярлау. Барлық азаматқа базалық сауаттылық беру. Осыған орай "Цифрлы білім" ауқымды жобасын іске асыруды ұсынамыз. Жобаның ерекшелігі – негізгі үш бағытты қамтиды. Ол барлық азаматтарға бағытталған, - деді ол.
Министр мамандандырылған IT нарықты терең игерген 320 мың маман дайындау көзделіп отырғанын айтты.
Барлық саланың мамандары білім алушылары IT құзыреттілігін өз мамандығымен қатар пайдаланатын болады. Медицина, ауыл шаруашылығы, құрылыс және заң тану саласындағы мамандарды цифрлық құзыретті игертіп, пәнаралық маман етіп шығартамыз. Аталған жоба аясында жыл сайын 400 мыңға жуық кадр цифрлық құзыреттілікке ие болады. 2030 жылға дейін мамандар саны 3 млн-ға жетеді, - деді ол.