Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екатерина Шабалина мен Темірлан Теміров триатлоннан ҚР Кубогінің I кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметі.
Кеше Қапшағай су қоймасының жағалауында триатлоннан ҚР кубогінің І кезеңі аяқталды. Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген Elite санатындағы 12 спортшы қатысты.
Қапшағай сайыскерлерді бұлтты-жаңбырлы ауа райымен қарсы алды: термометрлер +12 °С көрсеткішін ұстап тұрды. Төрешілердің шешімімен судың суықтығынан жүзу кезеңі болмайтын болды. Сайыскерлер дуатлоннын қашықтығында сайысты – 2,5 км жүгіру, 20 км велосайыс және 5 км жүгіру.
Әйелдер санатында сайыс басынан көштің басын кеше құрлықтық біріншілікте алтыншы болған Екатерина Шабалина қолға алды. Ол алдын жан салмастан бірінші орынды иеленді. Қорытынды нәтижесі – 1 сағат 3 минут 50 секунд. Шабалинаға 3 минуттай ұтылған алматылық спортшы қыздар Юлия Озерова мен Дарья Бычкова екінші әрі үшінші орынды алды.
Ерлер арасында сайыстың үздіктері әр кезеңнен кейін ауысып отырды. Жүлделі орындар үшін талас Ақмола облысының спортшыларының арасында жүрді. Темирлан Темиров 53 минут 46 секунд уақытымен бірінші орын алды. Екінші орынды 3 секунд жеңілген Мейрлан Искаков иеленсе, үштікті Аян Бейсенбаев қорытындылады (53 минут 53 секунд).
Ұлттық кубоктан кейін сайыс трассасын 17-19 жасқа дейінгі спортшылар арасында триатлоннан өткен Алматы облысының ашық біріншілігінің қатысушылары сынады. Біріншіліктің жүлделі орындарын Алматы қаласы мен Ақмола облысының спортшылары өзара таласқа салды.
U19 санатында сайыстың жеңімпазы Александр Тен болды (53 минут 1 секунд). Оған 1 минуттай жол берген Егор Крупяков (Алматы) күміс жүлдеге ие болды. Қола жүлдені көкшетаулық Максим Шмулич 58 минут 40 секунд нәтижесімен иеленді.
17 жасқа дейінгі сайыскерлер арасында 1 сағат 2 минут 50 секунд нәтижесімен Медхат Даиров жеңімпаз атанды. Екінші орынды астаналық Али Жанат (1 сағат 5 минут 12 секунд), үшінші орынды алматылық Александр Молчанов (1 сағат 7 минут 1 секунда) иеленді.
Сайыс кезінде барлық санитарлық талаптар сақталғандығын ескертеміз. Сайыскерлердің барлығы алдын ала ПЦР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама тапсырған. Кәсіби спортшылардың сынға түсетін келесі сайысы Өскеменде болады. Мұнда 30 мамырда Elite, U23, U19, U17 және U15 санатындағы спортшылар арасында ұлттық чемпионат басталмақ.