Трамптың импичменті 5 күнге шегерілді

1 Ақпан 2020, 11:38
1907
Бөлісу:
Трамптың импичменті 5 күнге шегерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамптың импичменті бойынша шешуші дауыс беру кейінге шегерілді. Ол сәрсенбі күні болады. 

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Сенаттағы көпшіліктің көшбасшысы Митч Макконнел әріптестеріне Дональд Трамптың импичменті туралы бап бойынша шешуші дауыс беруді 5 ақпанға шегеруді ұсынды. Сенаторлардың басым бөлігі оны қолдады.

Жоғарғы палата кестені бекітті. Енді оған сәйкес Сенат импичмент ісі бойынша сот талқылауын дүйсенбіде (3 ақпанда) жалғастырады. Осы отырыста америкалық президентті айыптау немесе ақтау бойынша дауыс беру талқыланады.

Кеше сенат демократтардың Трамп импичменті ісі бойынша куәгерлерді шақыру идеясына қарсы дауыс берді. Дауыс саны арасында айтарлықтай айырмашылық болған жоқ. 49 сенатор қолдап, 51 сенатор қарсы болды.

Айта кетейік, Америка Конгресінің демократтары Трамп импичментін бастаған болатын. Олар оны лауазымдық құзіреттілігін асыра пайдаланды деп айыптайды.

Өзгелердің жаңалығы