Бас жаңалықтар
Трамп Дүниежүзілік банкті Қытайға несие бермеуге шақырды
07 Желтоқсан 2019, 15:18 4291

Трамп Дүниежүзілік банкті Қытайға несие бермеуге шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық көшбасшының сөзінше, Пекиннің онсыз да ақшасы көп, сондықтан оған қайта-қайта несие берудің еш қажеті жоқ. 

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік банк Қытайға несие бере беруді тоқтатуы қажет деп санайды. Бұл туралы ол 6 желтоқсан күні өзінің Twitter әлеуметтік желісінде жазды. 
Неліктен Дүниежүзілік банк Қытайға қарыз береді? Оларда ақша онсыз да көп, ал егер ақша жетпей жатса, онда олар оны жасайды. Мұны тоқтату қажет! - деп жазады Трамп. 

Бұған дейін АҚШ басшысы Пекинмен сауда келісіміне қол қойылмаса, қытайлық импорттың тарифтерін арттыратынын айтты.

Фото: дереккөз
Загрузка...