Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапарының видеосы жарияланды

24 Қыркүйек 2019, 09:13
1968
Бөлісу:
Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапарының видеосы жарияланды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының бас хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында президенттің АҚШ-қа сапарының алғашқы күнінің бейнеролигін ұсынды.


АҚШ, Нью-Йорк қаласы, БҰҰ штаб-пәтері 23.09.19.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында бірқатар кездесу өткізді. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары АҚШ-тағы ықпалды талдау орталығы саналатын "Atlantic Council" ("Атлантикалық кеңес") ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған белгілі америкалық саясаткерлермен және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесумен басталды.

Кездесу барысында мемлекет басшысы Қазақстан-Америка қарым-қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары, сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары, Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Bloomberg» ақпарат агенттігінің негізін қалаушы әрі иесі Майкл Блумбергпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен «Bloomberg» ақпарат агенттігі арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап, әлемдік экономиканың күн тәртібіндегі өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Анхел Моратиноспен кездесті.
Тараптар өзара іс-қимыл перспективаларын, атап айтқанда, дінаралық келісім мен өркениеттердің жаһандық диалогын нығайту жайын талқылады.

Түстен кейін мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында америкалық және жетекші трансұлттық компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Кешкісін компания жетекшілерімен дөңгелек үстел басында пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы