Тоқаев ШЫҰЕ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Қазақстан президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді.&nbsp;</h4>

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  13 Маусым 2019 2019, 15:44
13 Маусым 2019 2019, 15:44
2383

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.



"Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда", - делінген Ақорданың хабарламасында.


Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу, соның ішінде Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді. 


Наверх