Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшін Бішкек қаласына келді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесу, соның ішінде Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді.