Тоқаев митингке шығушыларға қатысты: Оларға рұқсат берейік

2 Қыркүйек 2019, 11:32
6815
Бөлісу:
Тоқаев митингке шығушыларға қатысты: Оларға рұқсат берейік
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Президент өзінің жолдауында митинг және наразылық акцияларын өткізетіндерге қатысты пікір білдірді.

«Егер бейбіт митингтер заңды бұзбай және азаматтардың мазасын алмайтын болса, онда алаңға шығып өз ойларын айтуларына рұқсат беру керек. Митинг өткізушілерге арнайы жер беру қажет. Бірақ ондай орынды қаланың ішінен беруге тиістісіздер. Алайда, конституцияға сай емес әрекеттерге, бұзақылық акцияларына қатысты кез келген шақырулар заң аясында тоқтатылады», - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы