Бас жаңалықтар
Облысы әкімі Тоқаев көтерген мәселе қалай шешілетінін айтты
19 Ақпан 2020, 14:15 990

Облысы әкімі Тоқаев көтерген мәселе қалай шешілетінін айтты

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Сексеуіл кентінде 300 орынға арналған мектеп салынады. 

Бұл туралы бүгін халық алдындағы есеп беруінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов мәлімдеді. 

Есепті жиынға келген Сексеуіл кентінің тұрғыны теміржолды жағалай қоныс тепкен халыққа жаңа білім ошағы керегін айтты.

Сексеуіл – 3 бағытқа жүретін, тоғыз жылдың торабына айналған кент. Сол кентті пойыз жол екіге бөліп тұр. Соны жағалай қоныстанған ауылдың солтүстік шығыс беткейінде 410 үй бар. Сол отбасылардан 470 бала мектепке барады. Сол оқушылар мектепке 15 жолдан өтіп барады. Бұл мәселе көптен бері айтылып жүр. Тіпті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын. Сол мәселенің қай уақытта шешілетіндігін, оның анық-қанығын біліп келу маған тапсырылған болатын, - деген сауал қойды ол.

Айта кетейік, бұл мәселе туралы "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген журналист Мұрат Жетпісбаевтың мақаласына мемлекет басшысы да дер кезінде пікір білдіріп, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеген болатын. Кент тұрғындарын бір қуантып тастаған мәселенің жайы туралы облыс әкімі қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттар дайындалғанын айтты.

Биылғы жылдың 24 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін ҚР премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Бердібек Машбекұлына осы мәселеге байланысты кірген болатынмын. Бұл мәселе бойынша жұмыстар пысықталды. Қазір жоба-сметалық құжат бойынша мектептің құны 800 млн теңгені құрап отыр. Мектеп 300 орынға арналған, онда түске дейін 300, түстен кейін де сол шамада оқушылар оқитын болады. Біз жақын арада республикалық бюджеттен қаржы алатын боламыз. Содан соң мектеп құрылысы басталатын болады, – дейді облыс әкімі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...