Бас жаңалықтар
Төлем карталарымен жасалған операциялар 2,5 есе өсті
02 Наурыз 2021, 11:21 342

Төлем карталарымен жасалған операциялар 2,5 есе өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның төлем карталары нарығы белсенді өсу қарқынын көрсетіп отыр. Карталармен барлығы 52 трлн теңгеге 3,2 млрд операция жүргізілді, бұл 2019 жылға қарағанда 1,7 есе жоғары.

Төлем карталарымен жасалған он транзакцияның тоғызы қолма-қол ақшасыз жасалған. 2020 жыл ішінде қазақстандық эмитенттердің төлем карталарын қолдана отырып, 35,3 трлн теңгенің 2,9 миллиард қолма-қол ақшасыз операциясы жүзеге асырылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен, сәйкесінше, 2,4 және 2,5 есе асып түседі, - делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада. 
Пандемия өз түзетулерін енгізіп, қолма-қолсыз транзакциялар мен интернет-дүкендердің көбеюіне әсер етті. Бұл қолма-қол ақша алу санының азаюымен расталады. 2020 жылы олардың саны 21%-ға азайды (297 млн ​​операция). Төлем карталарын ұстаушылар 16,6 трлн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды. 
Осы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 49,3 миллион төлем картасы айналымда болды, 26,5 миллион картаны (53,8%) ұстаушылар белсенді пайдаланады, - делінген хабарламада. 

Төлем карталары арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. Төлем карталарын қабылдайтын кәсіпкерлер саны артты. Карта арқылы төлем қабылдайтын кәсіпкерлер саны 108 мыңнан, ал сауда нүктелері 169 мыңнан асты. 

Қазақстанда барлығы 203 мың POS-терминал жұмыс істейді. 

2019 жылмен салыстырғанда карта арқылы төлем қабылдайтын бөлшек сауда орындары (26%-ға) мен POS-терминалдардың (26%-ға) көбейгені байқалады. 2020 жылдың соңына қарай POS-терминалдардың 86%-ы контактсыз төлем функциясын қолдады.


Фото: дереккөз
Загрузка...