Токиода шырқата алмаған Әнұранды Белградта шырқату бұйырды – Сәкен Бибосынов

7 Қараша 2021, 09:47
2588
Бөлісу:
Токиода шырқата алмаған Әнұранды Белградта шырқату бұйырды – Сәкен Бибосынов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Токиода шырқата алмаған Әнұранды Белградта шырқату бұйырғанын айтты.

Токиода Әнұранды шырқата алмадым. Енді Белградта Қазақстанның әнұранын шырқату маңдайыма жазылған екен. Бұл тек қана менің жеңісім емес, әке-шешемнің, бапкерлерімнің еңбектерінің арқасында жеңіске жеттім деп ойлаймын, - деді чемпион.

Бибосынов Қазақ елінің жанкүйерлеріне қолдауларын әрқашан шаршы алаңда сезінетінін айтты.

Қолдауларыңызға рахмет! Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алдағы жарыстарда да тек алтын алу үшін бар күш-жігерімізді саламыз, - деп боксшы жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Сонымен қатар Сәкен Бибосынов Әлем чемпионатындағы ең ауыр жекпе-жек туралы да айта кетті.

Мен үшін ең ауыр, сондай-ақ бапкерімнің де көңілінен шықпаған жекпе-жек - колумбиялық боксшымен. Бұл кездесу өзімнің де көңілімнен шықпады. Дегенмен жеңіске жеттім. Кейінгі жекпе-жектерде қателік жібермеуге тырыстым. Жоспар қойдық. Сөйтіп жеңіске жеттік, - дейді әлем чемпионы.
Кеше қзақстандық боксшы Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Боксшымыз 51 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионатының финалында америкалық Рискоу Хиллмен кездесті. Боксшыларды Әлем чемпионатындағы жетістіктерімен Мемлекет басшысы құттықтады.



Өзгелердің жаңалығы