Токио Олимпиадасында ұлттық құрама спорттың 30 түрінен ел намысын қорғайды

19 Ақпан 2021, 07:43
1556
Бөлісу:
Токио Олимпиадасында ұлттық құрама спорттың 30 түрінен ел намысын қорғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл өткізілетін Токио Олимпиадасында ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды.

Токио Олимпиадасының басталуына жылға жетер-жетпес қана уақыт қалды және әлем спортшылары қазір жолдама алудың қамымен жанталасып жатыр.

Мемлекеттің допингке қарсы саясатын жетілдіру ісі назардан тыс қалмайды. Дүниежүзілік допингке қарсы кодексінің бұзушылықтарын алдын алу жөніндегі жұмысты әрі жалғастырып, Қазақстанның допингке қарсы зертханасының аккредитациясын қалпына келтіру қажет. Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командалардың спортшыларын даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді. Алдағы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спорттың 30 түрі бойынша қатысады. Бүгінгі таңда спорттың 18 түрінен 43 лицензияны ұлттық құрама спортшылары жеңіп алды,– деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің алқа мәжілісінде.
Сонымен қатар министрлік ерекше қажеттілігі бар азаматтарымызды спортта қолдау ісіне маңыз бермек.
Өзгелердің жаңалығы