Токио-2020: Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда жеңіліп қалды

24 Шілде 2021, 09:28
2857
Бөлісу:
Токио-2020: Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда жеңіліп қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында дзюдошылар бәсекесі басталды. Қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг алғашқы айналымда ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол бірінші кезеңде қытайлық Ли Янаньмен кездескен болатын.

Екеуара кездесу қытайлық балуанның еншісіне шешіліп, Галбадрах Отгонцэцэг Токио Олимпиадасын аяқтады. 

Еске сала кетейік, 2016 жылғы Рио Олимпаидасында Галбадрах қола жүлдегер атанған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы