Токио-2020: Дархан Асаділов қола медаль иеленді

5 Тамыз 2021, 17:29
1181
Бөлісу:
Токио-2020: Дархан Асаділов қола медаль иеленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Дархан каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері. Ол ел қоржынына жетінші қола медальді салды. 

Өзгелердің жаңалығы