Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жеңіл атлет, Токио Олимпиадасының қатысушысы Ольга Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Сондай-ақ алдағы уақыттағы спортқа қатысты жоспарымен бөлісті.
Баспасөз конференциясында тілші «Спорттық мансабыңызды аяқтайсыз ба?» деген сұрақ қойды. Бұл сұрақ төңірегінде әлі ойланып көрмегенін алға тартқан спортшы ағынан жарылды:
Әлі бұл туралы ойланған жоқпын, бірақ бір нәрсені айтсам деймін. Бұл – спортшы ретіндегі менің соңғы Олимпиадам. Жоспарлар туралы айтуға әлі ертерек, бірақ уақыт қажет. Бірақ әрі қарайғы өмірім мен жұмысым спортпен тығыз байланысты болады деп ойлаймын, - деді Ольга Рыпакова.
Осылайша, ол өзін әрі қарай да спорт саласында көретінін жасырмады.
Менің мақсатым, менің тілегім – Қазақстанның спортына, соның ішінде жеңіл атлетикаға өз үлесімді қосу. Елімізде жеңіл атлетика саласынан көптеген Олимпиада чемпионының шығуына көмектескім келеді. Бәрі болашақтың еншісінде, - деді жеңіл атлет.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ольга Рыпакова Токиодағы Олимпиадасында бақ сынады. Өкінішке қарай, спортшы қыз келесі айналымға өте алмады. Бұған дейін Рыпакованың ойыннан кейінгі эмоциясымен бөлісіп, ол туралы не ойлайтындығы туралы жазған болатынбыз.