Тоқаевтың көмекшісіне QAZCOVID-IN вакцинасы егілді

26 Желтоқсан 2020, 18:22
2138
Бөлісу:
Тоқаевтың көмекшісіне QAZCOVID-IN вакцинасы егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекет басшысының көмекшісі Ерлан Қаринге сынақтың соңғы сатысынан өтіп жатқан қазақстандық QAZCOVID-IN вакцинасы егілді.

 Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті 25 желтоқсанда Президент көмекшісі Ерлан Каринге қазақстандық вакцина егілгенін хабарлады.

Тоқаевтың көмекшісіне QAZCOVID-IN вакцинасы егілді

19 желтоқсанда БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзірлеген QAZCOVID-IN қазақстандық инактивтендірілген вакцинаға клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды.

244 қазақстандық қатысқан клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші фазаларының нәтижелері көрсеткендей, вакцина қауіпсіз, антиденелер қалыптастырады, жасушалық және гуморальдық иммунитетті индукциялайды. Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне үш мың ерікті қатысады, - делінген ведомство хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы