Тоқаевқа қатысты тағы бір жалған ақпарат

19 Ақпан 2021, 20:07
4603
Бөлісу:
Тоқаевқа қатысты тағы бір жалған ақпарат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының атында әлеуметтік желіде ашылған аккаунттарға қатысты жалған ақпарат тарағанын ескертті.

Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Твиттерде @TokayevKZ және Инстаграмда @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өзгелердің жаңалығы