Тоқаев Жоғарғы ЖЕЭК отырысында мемлекет басшылары қандай келісім орнататынын айтты

13 Қазан 2021, 17:57
6643
Бөлісу:
Тоқаев Жоғарғы ЖЕЭК  отырысында мемлекет басшылары қандай келісім орнататынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда айтты.

Қазақстан климаттық күн тәртібіндегі мәселелерді тек ұлттық емес, халықаралық дәрежеде жүзеге асырып жатыр. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта төрағалық кетеді. Ертең Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекект басшылары одақтың климаттық күн тәртібіндегі келісімді қабылдайды, - деді Тоқаев.

Ол атағандай, экономикалық ынтымақтастықты Париж келісімі мен БҰҰ Тұрақты даму аясындағы мақсаттарды жүзеге асыруды бекіту жоспарланып отыр.

ЕАЭО деңгейінде баламалы энергия көздері мен төмен көмірсутекті көліктерді пайдалану энергия үнемдейтін технологияларды қолдануға әрекет етуді қарастырады. Қазақстан жаһандық ауа райының мақсатына жетуге үлес қосуға әзір. Бүгінгі конференция да оған сүбелі үлес қосады деп ойлаймын, - деді Мемлеект басшысы.

Өзгелердің жаңалығы