Тоқаев Рухияны құттықтады

19 Шілде 2021, 17:14
2397
Бөлісу:
Тоқаев Рухияны құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенованы Беларусь Республикасының Витебск қаласында өткен «Славянский базар» байқауындағы сенімді жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.

Мемлекет басшысы Рухия Байдүкенованың табысты өнер көрсетуі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында барша қазақстандықтарға жасаған тамаша тарту болды деп санайды.

Өзгелердің жаңалығы