Тоқаев пен Лавров екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады

12 Қазан 2021, 17:10
2383
Бөлісу:
Тоқаев пен Лавров екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесіне (АӨСШК) мүше мемлекеттердің сыртқы саяси ведомство басшыларының алтыншы кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Кездесу аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері, атап айтқанда сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар талқыланды.

Сонымен қатар өңірлік күн тәртібі, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру бағытындағы халықаралық күшті жұмылдыру мәселелері сөз болды. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапынан осы елге көрсетіліп отырған гуманитарлық көмек шаралары туралы айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы қауіпсіздік, жанжалдардың алдын алу және бейбітшілікті қолдау мәселелерін шешу бағытындағы ұжымдық тәсілдерді пысықтауда Кеңестің жұмысын ілгерілетудегі Ресейдің  маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 


Өзгелердің жаңалығы