Тоқаев: Пандемияға қарамастан ел экономикасы жарты жылда 2,2%-ға өсті

10 Шілде 2021, 11:26
3882
Бөлісу:
Тоқаев:  Пандемияға қарамастан ел экономикасы жарты жылда 2,2%-ға өсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәл қазіргі сәтте өзінің төрағалық етуімен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы кезінде хабарлады. Жиын бейнебайланыс режимінде өтіп жатыр.

Оның айтуынша, дәл қазіргі алдымызда тұрған басты мақсат – экономикамызды үдетіп, халықтың әл-ауқатын арттыру көрінеді.

Былтырғы жылы пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6%-ға төмендеп кеткен болатын. Біз оны тезірек қалпына келтіру үшін жұмыс істеуіміз керек. Алайда бір көңіл қуантарлығы, індет пен шектеу шараларына қарамастан еліміздің экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2%-ға өсті, - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аталған маңызды мемлекеттік іс-шараны бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Қазмедиа орталығынан» таратуда. Отырыс барысында елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуына қорытынды жасалатын болады. Сонымен қатар, биылғы жылға жоспарлар құрылады деп күтілуде.

Отырыста алғашқы болып Премьер-министр Асқар Мамин баяндама жасады. Ол өз баяндамасында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Бірінші жартыжылдықтағы атқарылған іс-шараларға талдау жүргізіп, есеп берді.

Өзгелердің жаңалығы