Тоқаев Келімбетовке: Уақыт жоқ, шешім керек

26 Қаңтар 2021, 12:49
2067
Бөлісу:
Тоқаев Келімбетовке: Уақыт жоқ, шешім керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке «Еститін мемлекет» қағидасы тұжырымдамасы бойынша шешімдерді ойластыруды тапсырды.

Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ғылыми негізделген, тексерілген және жан-жақты әзірленген ұсыныстардың басында тұруы керек деп атап өтті.

«Еститін мемлекет» қағидасы тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде билік пен қоғам арасында үнемі пікір алмасуды қолдау қажет. Сондықтан Қайрат Нематұлы, ең алдымен, тәуелсіз сарапшылармен тұрақты диалог орнатуды сұраймын. «Еститін мемлекет» қағидасы бойынша қоғам мен биліктің қарым-қатынасын жетілдіріп отыру керек. Қазір баяндама жасаудың, сөздің уақыты емес, нақты істер жасау керек. Талқылауға және артық сөзге уақыт мүлдем жоқ, - деді Тоқаев.

Ал Қайрат Келімбетов көшбасшы елдердің аналогиялық жүйелерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне тиісті әдістер жасалғанын атап өтті. Ол бұл әдістерді жасау барысындағы маңызды сұрақтардың бірі – оның тиімділігін арттыру болды дейді.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қызылордадағы қиын жағдай туралы айтқан еді. Сонымен қатар Президент Екібастұздың орта мерзімді даму стратегиясы қажет екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы